Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады

Күдікті – деструктивті діни ағымның жақтаушысы.

Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады
Фото: @POLICE_of_KZ
930

Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады , деп хабарлады turkystan.kz.

4 қараша күні Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында «Құқықтық тәртіп»жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді азаматты ұстады.

«Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194 - бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған. Күдікті – деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

ҚР ҚПК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары