Шымкенттегі сауда үйінде өрт шықты

Оқиға 23 қараша күні кешкі уақытта болған

Шымкенттегі сауда үйінде өрт шықты
Шымкент қалалық ТЖД
774

Шымкентте "Север" сауда үйінің жертөлесінде орналасқан "Низам" кафесінде өрт шықты. Оқиға 23 қараша күні кешкі уақытта болған, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу жеткен. Өрт сөндірушілер кафенің асханасынан ғимараттың сыртқы қабырғасымен жүргізілген түтін сорғышының ішінде май қалдықтары түтеп, бықсығандығын анықтаған.

Қызыл жалын сағат 19.20-да оқшауланып, 19.24-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына 4 өрт сөндіру техника ме жеке құрамнан 16 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары