943
Алматыда биіктен кұлаған ер адам мерт болды
Алматыда оқыс оқиға болды
Алматыда ер адам "Премьера" тұрғын үй кешенінің 14-қабаттағы балконынан құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция бұл фактіні суицид деп тіркеп, ҚР ҚК-нің 105-бабы, "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу амалдарын қолға алды.
"Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес, Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды", - делінген мәліметте.
Қайтыс болған адамның жеке басы және оның өзіне қол жұмсауына не түрткі болғаны туралы ақпараттар анықталып жатыр.