«Төртеу алсам ба деп отырмын»: Төреғали Төреәлі көп әйел алуға қатысты ойын айтты

Төреғали Төреәлі екінші әйел алуға қатысты өз ойын ашық айтты

«Төртеу алсам ба деп отырмын»: Төреғали Төреәлі көп әйел алуға қатысты ойын айтты
Ашық дереккөз
1539

Танымал әнші Төреғали Төреәлі екінші әйел алуға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алла қаласа, екінші әйел аламын. Мен тіпті төртеу алсам ба деп отырмын. Негізі екінші әйел алу деген біздің қоғамдағы ауқымды тақырыптардың бірі ғой. Бұл Алланың қалауындағы нәрсе. Менің тағдырыма жазылған болса, мың адам қарсы болса да мен оны аламын. Бірақ тағдырыма жазылмаған болса, мен жүз жерден алам десем де, әйелімді көндірсем де ол тағдырға жазылмаған нәрсе. Тағдыр деген Алланың қалауы ғой.  Қаламаса хайыр», – деді әнші.

Серіктес жаңалықтары