Астанада студент қатарына қабылдау кешінде Қазақстанның ең үлкен туы жайылды

Бұл рәсім 1994 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді

Астанада студент қатарына қабылдау кешінде Қазақстанның ең үлкен туы жайылды
1073

Астанада Maqsut Narikbayev University бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен шараға Асхат Аймағамбетов, Айдарбек Ходжаназаров, Ләйлә Сұлтанқызы, Елнұр Бейсенбаев және тағы да басқа елге танымал тұлғалар қонақ болып қатысты. 

​Бұл рәсім 1994 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді, аталған шара университетке жаңа студенттерді қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Биылғы салтанатты шара университеттің келер жылы тойланатын30 жылдығына орайластырып, «30 жыл - бұл тек бастама» деген атаумен өткізілді.

​Сондай-ақ кеш бағдарламасы аясында – Қазақстанның ең үлкен туының ашылу рәсімі өтті. Жібектен тоқылған тудың ауданы 80 шаршы метрді құраса, салмағы 60 келіге жуық болды. Аталған шараның хедлайндері ретінде эстрада жұлдыздары - Қайрат Нұртас пен Дастан Оразбеков көрермендер алдында өнер көрсетті. Бұл ауқымды шараға бес мыңнан астам адам қатысты.

​Шара барысында университеттің жоғары мектептері әлеуметтік жоба мен театрлыққойылым бойынша өзара сайысқа түсті. Әділ қазылар алқасының құрамында Арай Әлімхан, Әсел Ақпар, Amre, Дина Тәженова, Дина Сансызбаева сынды танымал тұлғалар болды. Жеңген команда ұрпақтан ұрпаққа табысталып келе жатқан кубокты иеленді. Айта кету керек, студенттер бұл іс-шараға үш ай бойы дайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары