1598
Елімізде үш облыстағы жолдардың 16 учаскесі жабылды
26 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында 16 жол учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының дерегінше, ауа райы жағдайына байланысты (жел, көктайғақ) Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
"Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде (Қостанай - 1, СҚО - 3, Ақмола - 1) және облыстық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде (Қостанай - 8, СҚО - 1). автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", - делінген ақпаратта.