Ақмола облысында үй өртеніп, 3 бала қаза тапты

6 айлық сәби ғана аман қалған

Ақмола облысында үй өртеніп, 3 бала қаза тапты
egemen.kz
1513

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен 2 жасар ұл мен 6 жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы 1 бала өлі табылды. Тек 6 айлық сәби аман қалған. Ол оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары