1091
7 жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмейді
Мектепте баланың денесінен соққы іздері анықталған
Астанада жеті жасар қызды ата-анасы үнемі ұрып келген, салдарынан жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жазды, деп хабарлады turkystan.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түсіп қалған жеті жасар қызды көруге бардым. Бала «ауруханада қалып, үйге оралмау мүмкін бе?» деп сұрады», - деп жазды балалар омбудсмені.
Оның айтуынша, мектепте баланың денесінен соққы іздері анықталған. Мұғалімдер бірден кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияны шақырған. Уәкіл сондай-ақ аталған отбасында тағы алты бала бар екенін айтты.
Зәкиеваның айтуынша, Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала, оның ішінде алтауы жақын адамдарының қолынан көз жұмған.