Орал қаласында басына кірпіш тас құлаған әйел қайтыс болды

Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр

Орал қаласында басына кірпіш тас құлаған әйел қайтыс болды
Ашық дереккөз
997

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болды.

«Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан. 

Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары