«Ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын»: Бас бапкер Магомед Әдиев мәлімдеме жасады

Басты мақсатым және арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына шығу және онда өнер көрсету.

«Ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын»: Бас бапкер Магомед Әдиев мәлімдеме жасады
Sports.kz
1637

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев Instagram-дағы жеке парақшасында «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Достар, жанкүйерлер, бүгін маған жақын арада «Ақтөбе» футбол клубын басқаратыным жайлы көп сұрақ келіп түсіп жатыр. Бірақ менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан құрамасы мен наурыз айында өтетін ойындар екенін айтқым келеді. Қазір менің бар назарым осы. Басты мақсатым және арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына шығу және онда өнер көрсету. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», – дейді Әдиев.

Серіктес жаңалықтары