1533
Жамбыл облысындағы «Қазақмыс» кенішінде 2 адам қаза тапты
1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері ауыр жарақат алған.
Жамбыл облысындағы «Қазақмыс» компаниясының «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болды.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алған.
«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.