1365
Қазақстанға Того Республикасының президенті келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Іс-сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі.
Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.