Жасанды жаңбыр адамзатқа қауіп төндіре ме?

Бұл не қылған заманауи технологиялар және олар не үшін қажет екенін анықтайық.

Жасанды жаңбыр адамзатқа қауіп төндіре ме?
Фото: 202.kz
1296

Telegram-да Біріккен Араб Әмірліктерінде жасанды жаңбыр жасау процесі көрсетілген видеолар тарады. Әлемдік үкіметтер фермерлерді жою, азық-түлік тапшылығын тудыру және жаһандық жылыну туралы тек өзіне ғана тиімді заңдарды ілгерілету үшін ауа райын әдейі өзгертеді екен. Бұл – жалған мәлімет, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Жасанды жаңбыр, басқаша айтқанда бұлт себу – бұл жаңа әдіс емес. Эксперименттер әлемнің көптеген елдерінде сексен жылдам астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Жауын-шашынды көбейту үшін ауаға жаңбыр немесе қардың пайда болуына ықпал ететін заттар таратылады. Бұлттарға күміс йодиді, калий йодиді немесе құрғақ мұз себіледі. Бұл заттардың бөлшектері ылғал тартады, тамшыларды арттырып, жауын-шашынның жаууына әкеледі. Бұрыннан бар болғанына қарамастан, технологияның тиімділігі бірнеше жағдайға, соның ішінде атмосфералық жағдайларға байланысты болады.

Атап айтқанда, 1959 жылдан бері Шөл далаларды зерттеу институты (DRI) қоршаған ортаны зерттеумен айналысады. Оның мамандарының айтуынша, күміс йодидінің адамдарға немесе жабайы табиғатқа зиянды екендігі туралы деректер жоқ. 

Біріккен Араб Әмірліктері өткен ғасырдың 40-жылдарында бұлт себу бойынша эксперименттер жүргізе бастаған. Айта кетейік, бұл технологияны енгізе бастаған Таяу Шығыстағы алғашқы мемлекет. Онда жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жөніндегі ғылыми зерттеу бағдарламасы ашылды. 2020 жылдың 6 айында БАӘ-де бұлт себу бойынша 200-ге жуық операция жүргізілді. Арнайы ұшақтарда тек табиғи тұздар ғана қолданылады. Ал 2021 жылы жаңа әдіс сынала бастады. Енді дрондардың көмегімен бұлттарға электр разрядтарымен әсер етеді. Жалпы ел аумағында радарлар желісі және метеостанциялар желісі орналасқан.

Жасанды жаңбыр Біріккен Араб Әмірліктеріне өте аз су ресурстарын толтыруға көмектеседі. Өйткені, онда жылына орта есеппен 100 мм-ден кем жауын-шашын түседі. Бұлттарды себу ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бөгеттерді суға толтырады. Елдің басты мақсаты – су қауіпсіздігі.

Қытай егінді қорғау үшін жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде көбейтеді. Ал Таиланд пен АҚШ-та құрғақшылықпен күреседі. Үндістанда бұлт себу арқылы Делидегі түтінтұманнан арылуға үміттенеді.

Демек, жасанды жаңбыр бүкіл адамзатқа қауіп төндірмейді. Бұл азық-түлік тапшылығын тудырмайды, керісінше егін өсіруге көмектеседі.

 

Серіктес жаңалықтары