Алматыдағы 7 жастағы қыздың өлімі: Прокурор оқиғаның мән-жайын айтты

Айыпталған өгей анасына қатысты сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды.

Алматыдағы 7 жастағы қыздың өлімі: Прокурор оқиғаның мән-жайын айтты
ашық дереккөз
1601

Алматыда 7 жастағы қыздың өліміне өгей анасы күдіктелуде. Прокурор жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын айтты. Алайда күдікті кінәсін мойындаған жоқ, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда жеті жастағы қызды ұрып өлтірді деп айыпталған өгей анасына қатысты сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды.

Прокурордың сөзіне сүйенген телеарна ақпараты бойынша, марқұм қыз үлкен дәретін ескертпестен жіберіп қоя берген. Бұл жайт қыздың өгей анасының мазасын алған. Сондықтан ол қыздың өлімін жазатайым оқиға сияқты алдын ала жоспарлаған.

«Балжан Тұрлыбек (айыпталушы - ред.) сол күні 10 жарым шамасында кәмелетке толмаған қызбен жалғыз қалады. Сөйтіп, ол жақындап, дәрменсіз күйін пайдаланып, жеткіншектің мойнынан ұстап алады. Осыдан кейін басын батареяға ұрады. Кейін жуынатын бөлмеге кіргізіп, тағы да басын қабырғаға ұрады. Иннерциямен басы кафельге соғылады. Осылайша бала дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Ал Балжан Тұрлыбек Бәкенге (қыздың туған әкесі - ред.) қыз кездейсоқ құлады деп айтқан», – деді прокурор Данияр Тағаев.

Қыздың әкесі бұған дейінгі сот отырыстарына қатысқан жоқ. Телеарна мәліметіне сүйенсек, қыз бұған дейін әжесінің қарауында болған. Алайда қыздың әкесі – Бәкен азаматтық некедегі әйелінің үйіне алып кеткен.

Жәбірленуші тарап пен куәгерлер, отбасының көршілері бірауыздан күдіктінің өте қатігез ана екенін атап өтті.

«Балжан өте ашушаң. Бірнеше мәрте ол үйде шу болғанын естігем. Неше түрлі адам жиналып ішімдік ішеді. Бір-біріне боғауыз сөздер айтады. Тіпті ол үйде төбелестер де болды. Бәрін естідім. Негізі, қыздың тәрбиесімен әжесі айналысқан. Карина әжесімен жүрсе көңілді, көпшіл болады. Ал Балжанмен бірге тұра бастаған кезде жеткіншек тұйық болып қалды. Өз қатарластарымен де ойнамайтын», – деді отбасы көршісі Наталья Матвеева.

Марқұм қыздың жақындары да қыздың өгей анасы қылмысын жасырғысы келгеніне сенімді.

«Бала қайтыс болғаннан кейін Балжан Бәкенге «Мен оны өлтіріп қойған сияқтымын» деп қоңырау шалған. Сөйтіп, Бәкен үйге жүгіріп барады. Екеуі жедел жәрдем шақырмас бұрын сол кезде қайтыс болған жеткіншектің мәйітін жуындырып, нәжіске толған киімін кірге лақтырған. Егер дәрігерлер ертерек келсе, Каринаны мүмкін құтқарып қалуға болатын еді», – деді марқұм қыздың туысқан әпкесі Екатерина Закураева.

Серіктес жаңалықтары