Елордада дәстүрлі емес медицинаға жүгінген тұрғын қаза тапты

Сараптаманың қорытындысы бойынша, өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Елордада дәстүрлі емес медицинаға жүгінген тұрғын қаза тапты
lifestyle.segodnya.ua
1765

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

«Ұйқылық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған. Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды», – делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Сараптаманың қорытындысы бойынша, өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

«Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары