50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатқан азамат ұсталды

Алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатқан азамат ұсталды
polisia.kz
922

Алматы полицейлері концерттік билеттерді сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л.есімді азамат жүзеге асырған. 

«Оның үстіне ол онлайн әрекет етті: билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдады. Ал әлеуметтік желіде ауқымды жарнамалау үшін азамат SMM менеджерін жалдаған», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.

Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Олардың кейбіріне жалған билет сатушы 50 центтің концертіне билеттерді «сатқан». 

 

Серіктес жаңалықтары