Мұз жарылған: Астанада ер адам суға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды

Оқиға кеше, 27 қарашада болған.

Мұз жарылған: Астанада ер адам суға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды
Фото:gov.kz
959

Астанада ер адам суға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға кеше, 27 қарашада болған. Сағат 17:29-да 112 пультіне Байқоңыр ауданында Ақ бұлақ өзені Аман көшесінде адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Батып бара жатқан жасөспірімді құтқарушылар келгенге дейін сол жерден өтіп бара жатқан ер адам құтқарған.

«Жасөспірім – 2006 жылғы бала. Ер адам жасөспірімді судан жағаға шығарып, оны жедел жәрдем бригадасына берді, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жасөспірім № 2 қалалық балалар аурухана дәрігерлерінің бақылауында. Бақытымызға орай, жасөспірім құтқарылды, бірақ кейде бұндай  жағдай қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Құрметті азаматтар, естеріңізде болсын сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда, мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға тыйым салынады. Мұзда балық аулауды ұнататындар міндетті түрде құтқару кеудешесін киюі керек», - деді Астана қалалық ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаменті қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болатын мұз адамдар үшін қауіпсіз болып саналатынын жеткізді.

«Өзендер мен салалардың сағаларында мұздың беріктігі әлсіз. Мұз тез ағымы бар жерлерде,  ағынды суларда, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштар мен қамыстың жанында қатты қатпайды. Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, үш күннен артық сақталса, мұздың беріктігі 25 % төмендейді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!» - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары