ШҚО мен Абай облысында бірнеше жаңа аудан құрылады

Президент жарлығы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс.

ШҚО мен Абай облысында бірнеше жаңа аудан құрылады
el.kz
1102

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандардың құрылуын көздейтін президент жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Жобаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында:

  • Катонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы;
  • Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданы құрылады. 

Үлкен Нарын ауылы бұған дейін Катонқарағай ауданының орталығы болып келген. Енді аудан орталығы Катонқарағай ауылына көшіріледі. 

Сондай-ақ, Абай облысында: 

  • Үржар ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Мақаншы ауылында орналасатын Мақаншы ауданы;
  • Семей қаласының құрамынан Абралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерки, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттерін бөлу жолымен Семей қаласының аумағында әкімшілік ғимараттарды орналастыра отырып Жаңасемей ауданы құрылады. 

 

Серіктес жаңалықтары