1079
ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған
Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан.
ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған. Тәртіп бұзушы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.
«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды», - деді полициядан.