Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

30 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды
El.kz
767

Қазгидромет РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 30 қараша, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Өскемен мен Риддерде ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары