Хостелде қаза тапқан 10 адам туралы деректер жария етілді

Қайтыс болғандардың көбі — қазақстандықтар.

Хостелде қаза тапқан 10 адам туралы деректер жария етілді
Алматы қаласының әкімдігі
3576

Хостелде шыққан өрт салдарынан Өзбекстан мен Ресей азаматтары қаза тапты. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Қайтыс болғандардың көбі — қазақстандықтар. Біреуі — Өзбекстан азаматы, біреуі — Саха Республикасының (РФ) азаматы, қалғандары — қазақстандықтар. Қазір құжаттарын тексеріп, қарап жатыр. Жалпы, жертөлені санитарлық талаптарға сәйкес жасақтауға болады. Бірақ осыншама көп адамды орналастыруға рұқсат бар ма, бұл сұрақтың басы ашық. Анықтаймыз, тергеу жүреді», — деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Еске салсақ, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Белгілі болғандай, хостелдің іске қосылғанына небәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары