Екі жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Шымкентте ата-анасымен қауышты

Ер адам үйден шығып, қайта оралмаған.

Екі жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Шымкентте ата-анасымен қауышты
Polisia.kz
1079

Шымкент полицейлері із-түзсіз жоғалған азаматты отбасымен қауыштырды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Абай аудандық полиция басқармасына жоғалған 34 жастағы қала тұрғыны туралы хабарлама келіп түскен.

Туыстарының айтуынша, ер адам үйден шығып, қайта оралмаған.

«Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған адамның болуы мүмкін барлық жерлерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне бағыттама жіберді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды», – делінген хабарламада.

Жедел уәкілдер оны Шымкентке әкеліп, отбасымен қауыштырды. Өз кезегінде оның қарт ата-анасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне біреудің қайғысына бей-жәй қарамағаны үшін ризашылығын білдірді.

«Інім осыдан екі жыл бұрын 20 қазан күні үйден шығып, жоғалып кеткен. Көмек сұрап Абай аудандық полиция басқармасына жүгіндік. Полицейлердің арқасында бауырым аман-есен табылды. Сіздерге көп рақмет», – деп, алғысын білдірді табылған азаматтың әпкесі.
 

Серіктес жаңалықтары