Жетісу облысында шенеуніктер 13 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған

Құны 250-300 мың теңге болатын бір салқындатқышты 1,5 млн теңгеге сатып алғысы келген.

Жетісу облысында шенеуніктер 13 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған
Photo credit should read CFOTO/Getty Images
1186

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысында мемлекеттік сатып алудағы бірқатар тауарға баға тым жоғары екенін анықтаған. Бұл туралы орган Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Мысалы, Жетісу облысының Спорт басқармасы нақты құны 4,5 млн теңге болатын бір ұлттық киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сонымен қатар Жетісу облысының «Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК нақты орташа нарықтық құны 250-300 мың теңге болатын бір кондиционерді 1,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - дейді мамандар.

Сол сияқты, Қостанай облысының аудандық білім бөлімі 43 мың литр жазғы дизель отынының әрбір литрін 580 теңгеден сатып алуға тырысқан. Бірақ сол кездегі орташа баға литріне 250 теңгеден кем болған. Ал Астана қаласында әкімдікке қарасты аурухана басшылығы 16 портативті медициналық шамның бір данасын 3,3 млн теңгеден сатып алмақ болған. Алайда оның орташа нарықтық құны 600 мың теңгеден аспайды. Бұл тендер де тоқтатылды. Соның нәтижесінде 44 млн теңге қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Айта кетері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі биыл он айдың ішінде 38,4 млрд теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады.

Серіктес жаңалықтары