Құрманғазы мен Ақтөбенің «Алатауы»

Құр­манғазы бабамыз атпенен Қара­тау асып, Алатауға барды не­месе Сарыарқаны аралады деген еш­қандай тарихи дерек жоқ.

Құрманғазы мен Ақтөбенің «Алатауы»
ашық дереккөз
1633

Менің туып-өскен жерім – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының бұрынғы Қопа колхозы, кейін сол аймақта Крупская атындағы совхоз құрылды, қазір бұл – Қопа селолық округі. Байғанин – 6 млн гектар жерді алып жатқан облыстағы көлемі жағынан ең ірі ауданның бірі. 

Шекарасы батысында Аты­рау, Маңғыстау, оңтүс­ті­гін­де Қызылорда облысымен шек­те­седі. Жетіжылдық мектепті Қопа ел­ді мекенінде бітіріп, 1965 жылы ау­данның Оймауыт елді меке­нін­де­гі Жаңажол орта мектебінен ат­тес­тат алып, Алматыдағы Қазақ мем­­­­лекеттік ауылшаруашылығы инс­титутына оқуға түстім. Оқуым­ды 1970 жылы тамамдап, инженер-ме­ханик мамандығын алып, еңбек жо­лымды осы жылдың тамыз айын­­да туған жерім Крупская атын­­­дағы совхозда бастадым. Мас­тер-реттеуші, бригадирдің көмек­ші­сі, шеберхана мең­герушісі, 1979-жылдан 1988-жылдың шілде айы­на дейін совхоз­дың бас ин­­же­нері қыз­метін атқар­дым. Совхоз не­гі­зінен мал ша­руа­шылы­ғы­мен ай­­на­лысатын еді. Жұ­мы­сымыз­дың де­­ні жаз айла­рын­да мал азы­ғын дайын­­­дау бо­ла­тын. Бұл жұ­­мыс кей жыл­­дары қар жау­ған­ша жал­ға­сады. Шаруашылықтың қай жерін­де ша­бын­дық жер болса, сол жер­ге тех­ни­­ка апарып, бригаданы кө­шіріп, шөп шауып, оны пай­лап буып мал ба­заларына таси­тын­быз. Жұмыс іс­теп жүргенде туған өл­­кемнің ой-шұңқырын түгел ара­лап шық­тым десем де болады. 
Қазіргі Қопа селолық округінің ше­карасы оңтүстігінде Атырау об­лы­сының Жылой ауданымен шек­те­сіп жатыр. Міне, осы Жылой ау­да­нының шекарасынан солтүстік­ке қарай он шақты шақырым жүр­­­­­генде біздің ауылдың терри­то­рия­сында үлкен айдын тақыр жер бар. Бұл жер «Шалқардың тақыры» деп ата­лады. Тақырдың ұзындығы 40 ша­­қырымдай, ені әр жерлерінде 5-8 шақырым жобасында болады. Та­­қырдың тегістігі, жерінің қатты­лы­ғы құдды аэродром іспетті, тіпті кез келген уақытта қазіргі үлкен ұшақ­тарымыздың өзі ұшып-қону­ға болатындай. 
Осы тақырдың солтүстік-шы­ғыс жағы үлкен ақшаң­қан таумен астасып жатыр. Ұзын­ды­ғы 40 шақырымға дейін созы­ла­ды, аршыған жұмыртқадай бұл тау­дың сұлулығын сөзбен суреттеп жет­кізу мүмкін емес, көзбен көру ке­рек. Қасына барған адамды ерек­ше бір күйге бөлейді, табиғаттың ше­берлігіне таңғалмасқа амалың жоқ.
Бұл тауды біздің ел ертеден Ала­тау деп атаған. Таудың әр қой­науы тұнып тұрған – тарих. Белгілі жаз­ушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Құныс­ке­рей­мен тағдырлас адайдың түрік­менадай бөлімінен шыққан, кешегі Кеңес үкіметінің әділетсіздігіне шы­дамай, жазықсыз қуғынға ұшы­ра­ған Құлшар есімді азаматтың НКВД-ның құрығынан жасыры­нып, паналаған, төбесіне қараған адам­ның бас киімі түсер биік шоқы «Құлшардың шоқысы» деп аталады. 
Сонау Каспий теңізі мен біздің ел­ге дейінгі аралықта осы Ала­тау­дан басқа ешқандай тау кездес­пей­ді. Ал осы таудың үстіңгі беті теп-те­гіс жазыққа жалғасып жатыр. Бұл жазықтың ұзындығы отыз екі, ені он шақты шақырым болады. Бұл жазықтың шөбі ерекше шүйгін, құнарлы, көбінесе бидайық, ақ­се­леу, боз, изен, жусан өседі. Біздің сов­хоздың мал азығының басым көп­­шілігі осы жерден дайын­да­ла­тын, бұл жерлерді Қатпар, Қоңыр­сай шабындықтары деп атайтын. Мал тұяғы тимейтін шалғайдағы жер болғандықтан (совхоздың мал қыстақтарынан 80 шақырымдай қашықтықта) әсіресе, шілде, тамыз айларында қаулап өскен шөптің басы шамалы жел соқса, теңіз тол­қын­дарындай тулап жататын. Ке­ше­гі уақытта біздің ата-бабалары­мыз­дың жайлаған жері – осы Ала­­тау. Бұл аймақты аталарымыз сол уақыттарда жаз айларында са­ры алтындай жайқалған шөбіне қа­рап Сарыарқа деп атаған. Сол за­мандағы күнкөрістің көзі мал бол­ғандықтан, аталарымыз күн суы­та бастағанда малмен бірге Маң­­­ғыстаудың ойына құлап, көк­тем шыға мал жайып бері қарай шы­ғып, жазда осы Сарыарқаны жай­лаған. Маңғыстаудың түстік жа­ғы болғандықтан, ол жақтың хал­қы бұл жайылымдық жерлерді Са­рыарқа дейді. Қызмет бабымен не­месе басқа жағдайлармен жол тү­сіп, Құлсары, Бейнеу, Ақтау жақ­тарына барғанымызда, ол жақтағы жолдастарымыз әлі күнге дейін бір-біріне телефон шалып: «Арқа­дан қонақ келіп жатыр» – деп біз­­дің келгендігімізді хабарлап жа­тады. 
Кешегі репрессияның жазық­сыз құрбаны болып кеткен осы өл­­кенің белгілі ақыны Закария аға­­­мыз:
– Көлденең жатқан Маңғыстау,
Қар жатпайтын ой еді.
Сарыарқаны жаз жайлап,
Күнде қызық той еді.
Бие сауып он-оннан,
Жүзден сойған қой еді – деп жыр­ла­ған бұл өлкені. 
Ал енді негізгі айтпақ ойыма ора­лайын...
Дәулескер күйші Құрманғазы бабамыз кешегі Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісінен кейін билік тарапынан қысым көріп, Байғанин ауданының қазіргі орналасқан жеріндегі Жем өзенінің бойын мекен еткен Кіші жүздің Таз руынан шыққан елге белгілі батыр Төремұрат нағашысына келіп бір­ша­ма уақыт паналағаны белгілі. Ба­­тырдың ыстық ықыласына, қам­қорлығына риза болып, «Тө­ре­мұрат» деген белгілі күйін шығар­ған. Төремұраттың зайыбы Қыз­данай – әйел біткеннің ажар­лысы, көр­кіне ақылы сай адам болған де­седі. Осы Қызданайдың өзіне ар­нап «Қызданай», «Қыз­данайдың күл­кісі», «Қызданайдың шай құйы­сы» деген бірнеше күй шығарғаны тарихтан белгілі. 
Мен бұдан бұрын да жазға­ным­­дай, Құрманғазы ба­ба­мыз Жем бойы­на келгенде, Ала­тау­дың және шөбі жайқалған Са­рыар­қаның үстінен жүріп өт­кен­ді­гіне сөз жоқ, себебі тура жолдың реті Төремұрат батырдың ауылына осы жерлер арқылы өтеді. Тау түгілі биік төбе де кездеспейтін Нарын­ның құмынан келген бабамызды ақ­шаңқан Алатаудың келбеті, оның үстіндегі теңіздей толқыған, са­ры алтынның түсіндей жайқал­ған алқаптың ажары толқытып, сезіміне әсер еткені анық. Сол әсер бабамыздың «Алатау», «Сарыарқа» күйлерін дүниеге әкелуіне себеп болған деп ойлаймын. Әйтпесе, Құр­манғазы бабамыз атпенен Қара­тау асып, Алатауға барды не­месе Сарыарқаны аралады деген еш­қандай тарихи дерек жоқ. Жер­лесіміз, «қазақ музыка өнерінің Әуе­зові» атанған Ахмет Жұба­нов­тың «Құрманғазы» атты ғылыми ең­бегінде «Алатау», «Сарыарқа» күй­лерінің табиғатына тоқталып өткенде, қай жерге арналып шы­ғарылғаны жөнінде дерек келтіріл­меген. Ақселеу Сейдімбеков «Күй шежіресі» атты кітабында «Ала­тау» күйі жөнінде А.Жұбанов­тың айт­қа­нына тоқталып, «Са­рыар­қа» күйі Тәттімбетке арналған деп көр­се­теді. 
Әрине, ғұлама ғалыммен пікір та­ластыруға шамамыз келмейді, де­генмен ол кісінің біздің аймақты, Алатауды, Сарыарқаны көрмегені­не дау жоқ. 
 Мен Құрманғазы бабамыздың «Ала­тау», «Сарыарқа» күйлері қазір­гі Ақтөбе облысы, Байғанин ауда­ны, Қопа ауылдық округіне қарас­ты Алатауға, таудың үстіндегі кең-байтақ жайылымдық алқапқа ар­нап шығарылған деп есептеймін. 
2009 жылдың жаз айларының іші­нде Ақтөбеден Атырауға кө­лік­пен өтіп бара жатқан елімізге бел­гі­лі өнер зерттеушісі, композитор Ілия Жақанов ағамызды Байғанин ау­данының орталығы Қарауыл­кел­ді елді мекенінен күтіп алып, қонақ қы­лып жібердік. Ағамыздың қа­сын­да жеңгеміз және немересі бар екен. Әңгімеге шебер, қоңыр дауы­сы­мен татымды сөйлейтін адам екен. Жақсы әңгімелерін айтты, Ақ­бөбек-Қайып оқиғасы жөнінде жүр­гізген зерттеуінен хабардар етті. Сөз арасында Құрманғазы ба­ба­мыздың «Сарыарқа», «Алатау» күй­лері жөніндегі пікірімді де ай­тып, жолыңыз түссе, елге келіп Ала­тауды, арқаның жазығын көріп ке­тіңіз, деп өтініш жасадым. Сонда Ілия ағамыз: «Пікірің орынды, Құр­манғазы атпен Қаратау асып, Ала­тау­ға барып аралады деуге негіз жоқ» деп, жол түссе, ауданға келіп, атал­ған жерлерді көріп кететінін айт­қан болатын. Жұмысы көп адам ғой, Байғанинге одан кейін келуі­нің сәті түспеді, мен 2012 жылы ең­бек демалысына шығып, Ақтөбе қа­ласына көшіп кеттім. 
Қазір Ақтөбе облысы Байғанин ау­данының Алатау аймағы – облыс ау­мағындағы туристер баратын орын­ның бірі болып белгіленіп, ұйымдастыру жұмыстары жүргі­зі­ліп жатыр. 
Осы арада айта кететін тағы бір жайт бар. 
 «Сағыз қайда, Жем қайда, 
Қай­нар қайда,
 Өткір қылыш, жүйрік ат 
жанға пайда», – 
деген халық әні болып тараған ән­нің шығу тарихы да біздің елмен бай­ланысты. Бабаларымыз осы ау­дан өңірінде ағып жатқан Жем, Са­ғыз өзендерінің және Жемнің бір саласы Қайнардың арасын жай­лаған. 
Өкінішке қарай, соңғы уақытта ән­шілеріміз: 
«Ойыл қайда, Жем қайда, 
Сағыз қайда
Өткір қылыш, жүйрік ат 
жанға пайда», – 
деп әннің сөзін бұзып айтып жүр. Бұ­лай айтқанда ұйқасының өзі бұ­зылып тұрғандығы көрініп тұр, бірақ оған дұрыс емес деп айтатын ешкім жоқ...
Кешегі заманда өткен Ақ­бі­лек анамыздың жүрегіне ән бо­лып құйылған Доңызтау алқабы, Сағи ағамыздың сағынышы болған Оймауыт, Бәкір ағамызға жыр жаз­дырған Ақбұлақ, Есенбайдың Қал­дай­бегі, Өтежанның Төбекөңі, бү­гін­гі арамызда жүрген талантты бауы­рымыз Орал Байсеңгірге Бай­ға­нин ауданының әнұранына ай­нал­ған ән шырқатқан кең-байтақ ау­данымыздың ойы мен қыры Құр­манғазы бабамыздың да шабы­ты­на қуат берген жер екенін кейін­гі жастар біле жүрсін деп жазып отырмын осы мақаланы. 
Кезінде мен Ақтөбе облысының Бай­ғанин ауданында қызмет етіп жүр­ген кезде облыстық ішкі саясат бө­лімінің жауапты қызметкері бас­тап Германияның туризм сала­сы­мен айналысатын бір топ адамы ау­данымыздың Алатау алқабын, Жем бойын, Алатауға жақын жер­де­гі Ақбота шоқысын, оның жа­нын­дағы табиғаттың өзі қашап жа­сағандай шахмат фигурасына ұқ­сас биік шоқыларды көріп, бей­нетаспаларына түсіріп, туризмді да­мытуға қолайлы жер екен деп кет­кен болатын. 
Біздің ауданның аумағын қазір ашық аспан астындағы музейге теңеп жүр. Бұны және басқа емес, бел­гілі археолог Серік Әжіғали айт­қан. 
Кім білген, болашақта Ақтөбе об­лысы Байғанин ауданының ау­ма­ғы туризм орталығына айналып, ауданның, өңірдің әл-ауқат жағ­дайы­ның жақсара түсуіне пайдасы тиер. Сол күнді көруге жазғай! 

 Бердіхан КЕМЕШОВ,
 Ақтөбе облысы, 
Байғанин ауданының 1999-2012 –жылдардағы әкімі 

Серіктес жаңалықтары