Кремний алқабында үздік ондыққа кірген стартап жоба

Әлем­де мұндай техно­ло­гия жоқтың қасы. Бі­здікіне ұқсас, құны 50 млрд доллар бола­тын DocuSign деген ком­пания бар. Ол тек келісімшарттарға қол қою мүм­кіндігін бере­ді, бірақ оған жету жолы бас­қаша, нақтырақ айт­сам, е-mail арқылы іс­ке асады. Сондықтан біздікіндей компания тек Қазақстанда емес, әлемде жоқ деуге б­о­лады.

Кремний алқабында үздік ондыққа кірген стартап жоба
turkystan.kz
1494

Осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық TrustMe стартап жобасы әлемдік ІТ-дің астанасы саналатын Кремний алқабында өткен DraperU бағдарламасында үздік ондыққа кірді. Шыңғыс Дәулетбаев негізін қалаған TrustMe жобасы әлемнің 35 елінен келген 118 стартап иесінің арасында инвестиция салуға қолайлы деп танылды. Әлгі бағдарламаны ұйымдастырған әрі онда қазылық еткен әйгілі америкалық миллиардер, венчурлік инвестор Тим Дрейпер қазақстандық стартапқа қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Алдағы екі жылда елімізде теңдесі жоқ компания құруды мақсат еткен Шыңғысқа хабарласып, сұхбаттасқан едік.

– Шыңғыс, жетістігіңіз құтты болсын! IT индустриясының жүрегі саналатын Кремний алқабында үздік ондыққа кіру – екінің біріне бұйырмаған бақ. Көп фаун­дер бәрінен көш ілгері жүру үшін сол алқапқа көшіп, инвесторды алыстан емес, сол жерге барып іздеуді мақсат ете­ді. Ал сіз Қазақстанда отырып-ақ, Кре­­­м­ний алқабындағы инвесторлардың қы­зығушылығын тудыртып отырсыз. Кере­мет қой!

– Рахмет! Расында – біз үшін қуанышты жаңа­лық. Қазақстан үшін де пайдасы зор еке­ні айдан анық. Алдағы уақытта еліміздің атын ІТ жобалар арқылы шығаруға бары­мыз­ды саламыз. Бұл қадам біздің дамуымызға тың серпін беріп, үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

– Біз сұхбат алған ІТ мамандарының кө­бі бала кезден техниканы шұқылап, бұ­зып, қайта құруға бейім болғанын, сөй­тіп жүріп осы салаға келгенін айта­ды. Ал сіз оқушы кезіңізде дәрігер болу­ды армандаған екенсіз. Ақыр соңында ІТ саласына бет бұруға не түрткі болды?

– Менің ата-анам – Алматыға есімі бел­гі­лі дәрігерлер. Кішкентайымнан бастап ма­ған «Сен дәрігер боласың» деп санама құй­ғандықтан, мен де «Өскенде дәрігер бо­ламын» деп жүрдім. Дегенмен алтыншы сы­­­ныптан бастап компьютерге қызыға бас­тадым. Оның ішінде не бар? Ол қалай бәрін бі­ріктіреді? Қалай жұмыс істейді? Осының бәрі маған қызық болды. Сосын екі мыңыншы жылдары интернет қолжетімді бола бастады. Интернет көмегімен түрлі чат, форум құру мүм­кіндігі туындады. Сол кезде мектепте бір­ге оқитын достарымды үйге шақырып, бар білгенімді оларға айтып беріп, оларды да қызықтырып қоятынмын. Сол уақыттан бас­тап инновациялық технологияларға де­ген қызығушылығым үдей түсті. Кейін ҚБТУ-дың менеджмент факультетіне оқуға түстім. Екінші курста стартап жоба ашып, дамытқым келді. Бұл жобаны ілгерілету үшін қомақты қар­жы жұмсадым. Алайда тәжірибем аз бол­ған­дықтан мұны ары қарай дөңгелете ал­ма­дым. Содан соң «Болашақ» бағдар­ла­масымен Ұлыбританияға оқуға түстім. Онда адами ка­питалды басқару бойынша білім алған ма­ған менеджмент ісі қатты ұнап қал­ды. Ел­ге келген соң жергілікті ком­панияда жұмыс істедім. Кейін Ұлттық экономика ми­нистр­лі­гі­нің Макроэконо­ми­калық талдау мен жос­­пар­лау бас­қар­ма­сына жұмысқа тұ­рып, онда бас маман­нан бастап басқарма ди­­рек­то­ры­ның мінде­тін атқару­шы­ға дейін кө­терілдім. Со­сын жұ­мыс азай­ды. Кейін А кор­пу­сына өту үшін көп ке­зең­ді қамтитын ірік­теу­ден өттім. Мемле­кет­тік қызмет­тегі жұ­мы­сым­ды жал­ғас­тырғым кел­­­­­ді. Сол уақытта LinkedIn же­­­л­ісі арқылы мені тауып алған «Хабар» агент­тігі­нің өкіл­дері те­леар­наның страте­гия­сын жа­зуға жұ­мыс­қа ша­қырды. Онда екі жыл жұ­­мыс істеп, бас­қар­ма директоры бол­­дым. Агент­тіктің ст­ра­те­­гия­сын жа­зып бол­ған соң, көп жұ­­­мыс та бол­ма­ды. Күніне үш са­ғат қа­на жұ­­мыс іс­тей­­сің, қал­­ған уа­­қыт бос­­­сың. Сол уа­­қыт­­та про­дак­шн ком­­пания ашып, түр­лі жо­­ба іс­ке асыр­дым. Содан соң же­­ке кә­сіп­­кер­­лікпен ай­налысып, үш жылдай ақша жи­­наған соң, ІТ са­ласына тү­бе­гейлі бет бұ­р­а­­мын деп шеш­тім.

– Келісім­шарт жасасу процесін ба­рын­­ша же­ңіл­­детіп, SMS ар­қылы он­лайн келісімшарт­тарға қол қоюға мүм­кіндік беретін TrustContract сервисін құрастыру идеясы қайдан келді?

– TrustContract – біз іске асырған өте тиім­ді жоба. Алла қаласа, алдағы уақытта үл­кен экожүйеге айналады деп сенеміз. Бұл идея­ның нақты қашан, қай уақытта туын­да­ға­ны есімде жоқ. Қасиетті Құранның ең ұзақ аяты саналатын «Бақара» сүресінде қарыз беру мен қайтару әдептері туралы айтылады. Он­да «Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе қарыз бергенде, оны жазып қойыңдар» де­лінген. Сосын қарызды жазу мәселесінде екі адамды куәгер етіп, берілген қарыздың құ­нымен қайтарылатын уақыты жазылуы қа­жет екені туралы айтылған. Сонда айтыл­ған куәгерлердің орнына блокчейн орнатуға бо­лады. Сол себептен біз TrustContract сер­ви­сін ашуды көздедік. Бастапқыда мұны тиім­ді деп санаған жоқпын. Адамзатқа пай­дасы тиетін бір жоба болса болғаны деп ой­ла­дық. Жалпы, өз басым кез келген жұмыс ор­нында заң мен тәртіпке бағынатын адам­дар жұмыс істегенін жөн санаймын. Өз ба­сы­­мыздан өткен нәрсе. Кей­біреуі алдап ке­те­ді ғой. Де­генмен арамызда ниеті түзу, көңі­лі кең, жақсы адам көп. Жақ­сыларға жақ­сы пікір жазу, оларға пайдасын тигізу үшін осындай сервис ашу тиімдірек деп ой­ла­дық. Қайталап ай­тамын, ең бастысы адам­затқа пайдалы дүние жасауды мақсат еттік. Бұл істі қоғамға қан­дай пайдасы тиеді деген ой­мен бастадық. Жалпы, аталған жобаның бү­кіл компонентін қоссақ, бұл – әлемде жоқ нәр­се. Біріншіден, біз компанияларға келі­сім­шарттар туралы заңды тұрғыда консуль­тация береміз. Екін­шіден, бұл келі­сім­шарттарды өз жүйемізге енгізіп, оның кейбір пункттерін автоматтан­дырып, мобильді те­лефонға SMS түрінде баратындай етіп жа­саймыз. Керек болса, адам­ның беті мен құ­жа­тын салыстырып, рас­тай­мыз. Олар небәрі тоқ­сан секундтың ішін­де қол қойып, келісім­шарт жасаса алады. Әлем­де мұндай техно­ло­гия жоқтың қасы. Бі­здікіне ұқсас, құны 50 млрд доллар бола­тын DocuSign деген ком­пания бар. Ол тек келісімшарттарға қол қою мүм­кіндігін бере­ді, бірақ оған жету жолы бас­қаша, нақтырақ айт­сам, е-mail арқылы іс­ке асады. Сондықтан біздікіндей компания тек Қазақстанда емес, әлемде жоқ деуге б­о­лады.

– Кремний алқабында өткен DraperU акселерациялық бағдарламасына қа­тыс­қысы ке­летін әрі­п­тес­те­рі­ңіз же­тіп ар­­ты­ла­ты­ны тү­сінік­ті. Сіз онда бару үшін арнайы ірік­теуден өт­тіңіз бе? 

– Мемлекет біз­ге қан­дай мүмкіндік бе­ре­ді, соның бәрін қолда­нып жатырмыз. Бұ­рын әкім­дік­термен бірлесіп жұмыс істе­ген­біз. Саған үйрет деп мамандар жі­береді, оларға шәкіртақы төленеді. Саған да пайдасы тиеді. Мұны да тиімді пай­­даландық. Содан соң Astana-hub ұйым­дас­тырған акселера­ция­лық бағдарламаның бар­лығына қатыса бер­дік. Көп жобаға қа­тыс­қан соң, бізге мін­детті түрде ақша табу ке­рек екенін түсіндік. Әлеу­меттік жоба дең­гейіне жеткізу қажет еке­нін ұғындық. Ал мұ­ны Қазақстанда жасау мүм­кін емес. Әлем­де ChatGPT-ді ойлап тап­қан OpenAI секілді но­н­профиттік ком­па­ния­лар жетерлік. Олар – ақша табу үшін емес, адамзатқа пайда әкелу үшін құрылған ұйым­дар. Ал бізде Қазақ­станда мұндай әзірге әсте мүмкін емес. Сон­дықтан біз тек пайда тигізіп қой­май, табыс та­ба алатын компанияға ай­налуды алды­мызға міндет етіп қойдық. Сол мақ­сатта бір­неше акселераторлық бағдар­ла­ма­ға қа­тыстық. Биылдың өзінде үш бағ­дар­ла­мада бой көрсеттік. Біріншісінде Astana-hub-тың бірлесіп ұйымдастырған Google for Startups бағдарламасына қатыстық. Сосын Азия даму банкі ұйымдастырған бағдар­ла­ма­ға қатысу мүмкіндігіне ие болдық. Онда он күндей Әзербайжан, Өзбекстан және Қа­­­­зақстанды аралап, тәжірибе алмастық. Ай­та кетерлігі, сол кезде Өзбекстаннан фи­лиал ашу туралы шешім қабылдадық. Оның алдында нарық­тың ауқымын бағамдап, Түркиядан ашуды жос­парлаған едік. Алайда Өзбекстанға ба­рып келгеннен кейін мұнда да мүмкіндік бар екеніне көзіміз жетті. Сөй­тіп, Мирас атты мық­ты маманымызды бас-көз бол деп сонда жі­бердік. Үшіншісі – сіз сөз етіп отырған DraperU бағдарламасы. Біз Әзербайжанда жүргенде жүзге жуық стартап иелеріне арналған онлайн бағдарлама жүр­гізіле бастады. Мұның бізге пайдасы шамалы бол­ды, себебі онда бастапқы деңгейді үй­ре­туді қолға алды. Ал біздің деңгейіміз тым бас­қа. Сол үшін мен онда қатыспадым. Ол жо­баның ең соңында пичтинг сайыс ұйым­дас­тырылады. Онда өз жобасын дұрыс та­ныстыра алғандар DraperU-ге қатысу мүм­кін­дігіне ие болады. Әдепкіде біз ол тізімде бол­ған жоқпыз. Алайда ұйымдастырушылар «Өздерің таңдаңдар» деп таңдау еркін берді. Сол уақытта көпшілік «Қазақтар мықты. Chec­kAuto жобасының негізін қалаушы Ілияс Құрман мен TrustMe жобасының авторы Шыңғыс Дәулетбаев барып, питчинг жа­са­сын» деп екеуімізді таңдады. Мен сөй­леген кезде кекештенемін. Көпшілік алдына шы­ғып, питчинг жасау, онда топ жарып шы­ғу оңай емес. Дегенмен онда бағым жа­нып, Ілияс екеуіміз Америкаға  бару мүм­кіндігін иелендік. Кремний алқабында бес апта бойы әлемнің 35 елінен келген 118 стар­тап иелерімен пікір алмасып, етене ара­лас­тық. Бір-бірімізді жақындастыра түсетін ивенттер өткізілді. Алғашқы аптада 118-іміз 13 командаға бөлініп, квест секілді өзара жа­рыс­тық. Сосын бізге үш күн ішінде жасан­ды интеллект өнім жасап шығаруды тапсыр­ды. Одан соң бізді таулы аймаққа ертіп апар­ды. Бес күнге жалғасқан бұл квестте те­лефонсыз, интернетсіз, жылы киімсіз, ыс­тық сусыз күн көруің керек. Онда да түрлі тап­сырмалар берілді. Бірінде қайық құрап, бат­пақ жерді қайықпен жүзіп өтіп, кері қай­туың керек. Осындай тартысқа толы тап­сыр­малар арқылы шынығып, шыңдалып қайт­тық.

– Әлемнің 35 елінен келген 118 стар­тап­тың арасынан үздік ондыққа ілін­діңіз­дер. Мұны бес апта бойы іріктеді ме, әлде таңдау қалай жасалды?

– Бес аптаның соңғы аптасында  Demo Day өткізілді. Онда барлық фаундердің ба­сын қосып, күніне екі-үш дәріс өткізді. Со­сын соңғы екі күнде питчингке дайындау про­цесі басталды. Ал оған осы тренингті ұйым­дастырушы, әлемге танымал венчурлік ин­вестор, миллиардер Тим Дрейпер қазылық етті. Құрамында бір топ инвестор бар командасымен кел­ген ол таңнан кешке дейін барлық стар­тап иелерін тыңдады. Бізге регламент бойын­ша жобамызды таныстыруға екі минут бері­леді. Содан соң тағы екі минут сұрақ-жа­уап форматына көшеміз. Олар мүйізі қара­ғайдай маман болған соң кімнің жобасы тиімді, кімдікі пайдалырақ еке­нін ә дегеннен-ақ түсінеді. Кешке питчинг аяқталған соң, олар ақылдасу бөлмесіне барып, өз ше­шімдерін қабылдайды. Сосын ортамызға ке­ліп, «Бесінші стартап мынадай», «Оныншы стар­тап мынадай» деп өз ойларын ортаға са­ла­ды. Содан кейін 118-дің ішінен инвести­ция салуға қолайлы үздік он жобаны таңдап алды. Ол он жобаның иесі сосын Тим Дрей­пер­мен кешкі ас ішуге арнайы шақыру алды. Сөй­тіп, біз сол үздіктер қатарынан көрініп, Дрей­пермен өткен бейресми кездесуде өз жо­бамызды кеңінен таныстыра алдық.

– Кеше сол Тим Дрейпердің өзі сізге ин­­вестор болады деген жаңалық оқы­дық. Рас па?

– Біз бір басылымға эксклюзив ретінде мә­лімет берген едік. Ол басқа БАҚ-қа тара­лып, кейбір тұсы басқаша жазылып кетіпті. Тим үздік он стартаппен келісімшарт жүргізу тәртібін енді бастайды. Бізбен де бастады. Оны­мен бірге кешкі ас ішкен кезде мен оған жо­баның маңызы мен пайдасын асықпай тү­сін­дірдім. Ол тіпті «Мәссаған! Күшті екен» деп таңғалысын жасырмады. Сосын өз идея­лары мен пайдалы инсайттар айтып, «Сені осын­да бір мықты кісілермен таныстыра­мын» деп қолдау білдірді. Жалпы, инвестиция құю – оңай процесс емес. Бұл – кемі алты ай бойы жүргізілетін процедура. Инвестор бә­рін жіті тексереді, жан-жақты зерттейді. Со­сын ол өз шартын айтады. Біз оған өз шар­­тымызды алдында-ақ айтып қойғанбыз. Ше­шім қабылдау оның еркінде. Біз секілді үз­дік атанған компания иелері олардың бас­қа шарт қоятынын алға тартады. Бірақ біз барлығы жақсы болады деп сенеміз. Уақыт өте көреміз. 

– Ендігі мақсат қандай?

– Өзбекстаннан филиал аштық. Биыл қа­­­­­тарымызға Тайвань, Арген­ти­на, Оң­түстік Корея, АҚШ-тан клиент­тер қо­сылып жатыр. Ен­ді сол мем­лекеттерге шығуды көздеп отыр­­мыз. Одан бөлек, бізді Қазақ­стан­ның ішін­де көп адам біле бермейді. Елдегілерге біз туралы мәлімет жеткізу үшін қаражат ке­рек. Қазақстаннан инвесторлар та­­бы­ла­ты­ны сөзсіз. Қазір де ха­бар­ласып жатыр. Біз қазір тек ақ­шалай емес, ақпарат жеткізу, сату ісі бойынша көмектесетін адамдар іздеп жа­тырмыз. Біз өте жылдам қарқынмен өсіп жа­тырмыз. Осы қарқынды сақтап қалу үшін біз­ге қаражат керек. Біз өскеніміз Қазақ­стан­ға жақсы. Құдай қаласа, басты мақсат – ал­да­ғы екі жыл ішінде теңдесі жоқ компанияға айналу. Сол мақсатқа қол жеткізген кезде бізде 2 000 адамдай жұмыс істейтін болады. Оның бір мыңы Қазақстанда жұмыс істейді. Сон­да біз елдегі 1 000 маманды жұмыспен қам­тамасыз етіп, мықты мамандар тобын құрай­мыз. Google, Amazon, Meta, Apple се­кілді алпауыт компаниялардың бір кең­се­сін­де 10 000 қызметкер отырады. Менің мақ­­­­сатым да сондай мықтылардан құралған ко­манда құру. Біздің негізгі күш Қазақстанда бо­лады. Әлбетте, біз Қазақ­стан­мен шектел­мей­міз. Шетелде тұратын, дарын­ды қыз-жі­гіт­тер болса, қатарымызға қосуға тырысамыз. Бәлкім, оларды Қазақстанға жұ­мысқа шақы­рар­­мыз. Жалпы алғанда, мақ­сатымыз – ай­қын, бағытымыз – анық, мұра­тымыз – асқақ.

– Іске сәт! Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан 
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары