«58 жасқа толар еді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

«58 жасқа толар еді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
ашық дереккөз
1132

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркімбаевқа әсерлі жазба арнады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жыламаймын деп сөз бердім ғой, арасында сөзімде тұрмас үшін. Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан «ортаның гүлі» дейтін Қайрекең… Сен қасымда болғанда езуім жиылмайтын, ойнайтынмын, сенімен сырласып, кейде бір тоқтамай ішегіміз түйілгенше күлетінбіз. «Болды, қойшы», - дегенде, «не болды, бензинің таусылды ма? Блютузыңды қоссайш» деп, одан сайын әкететін еді сондайда. Қазір де жазып отырып, еріксіз жымиюдамын… Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік… 58-ге толдың деп, толассыз тілек тыңдап…» деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары