Елордада сауда орталығының маңынан ер адамның денесі табылды

Полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан 51 жастағы ер адамның денесін тапты.

Елордада сауда орталығының маңынан ер адамның денесі табылды
Егемен Қазақстан
928

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан қайтыс болған адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында «102» арнасына Asia Park сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады», - делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгірелі жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.

Серіктес жаңалықтары