Астанада сауда орталығы маңынан ер адамның денесі табылды

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапқан.

Астанада сауда орталығы маңынан ер адамның денесі табылды
Фото: ult.kz
1101

Бүгін таңертең елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапқан.

«1 желтоқсанда сағат 08:20 шамасында «102» арнасына «Азия Парк» сауда үйінің маңында ер адамның денесі табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткенде дерек расталды», - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары