1944
Желіде ұлтаралық араздық тудырған: түркістандық жігітке халықаралық іздеу жарияланды
Полицейлер оның Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны екенін анықтады
Түркістан облысының тұрғынына ұлтаралық араздық тудырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды, деп жазды turkystan.kz.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде ер адамның басқа ұлтқа тіл тигізген видеосы тарап кеткен еді. Полицейлер оның Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны екенін, қазір шетелде жүргенін анықтады.
Айтуларынша, ер адам жаңа видео жариялап, халықтан кешірім сұраған.