Бесікті ат қылып мінген әйелдің әрекетіне көпшілік дауласып қалды (ВИДЕО)

Бұл әрекет Ақтаудағы бесік тойлардың бірінде болған

Бесікті ат қылып мінген әйелдің әрекетіне көпшілік дауласып қалды (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр
1109

Той үстіндегі бұл әрекет Ақтаудағы бесік тойлардың бірінде болған. Бесіктің үстіне мініп, аттай қамшылаған ақтаулық апаны жұртшылық сынап тастады. Пікір алаңында оның бұл әрекетін жақтаушы да, даттаушы да табылады, деп жазды turkystan.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан орта жастан асқан әйелдің салт бойынша жабу жабылған бесіктің үсітіне шығып, сүйрелеп, қамшылап жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары арасында халқымызда мұндай ырымның бар-жоғына қатысты талас туындаған.

Бірі әйелдің бұл қылығы оғаш көрінетінін айтып жатса, екіншілері салттан хабарсызсыңдар деп өзгелерге мін тағып жатыр. Екінші тараптың айтуынша, бұл - бала бесікке салынғаннан кейін «Меккеге-Қоқанға алып қашу» ырымы. Тиісінше баланың атасы не әкесі алып қашушыға ақша беріп, өз үйлерінде қалуға көндіреді. 

Ал ақтаулықтар орамалсыз ала шапқын болып жүрген апаның қылығына аң-таң.

 

Серіктес жаңалықтары