Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына үш алтын түсті

Қазақстандық боксшылар Аяжан Сыдық, Толғанай Қасымхан және Айсұлу Мұхит бокстан әлем чемпионы атанды.

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына үш алтын түсті
Sports.kz
1356

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ақтық мәресінде қазақстандық боксшылар Аяжан Сыдық (54 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін) және Айсұлу Мұхит (66 келіге дейін) өздерінің қарсыластарын жеңді. Бұл туралы turkystan.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Ең сенімді жеңіс Аяжан Сыдықта болды. Үндістаннан келген қарсыласымен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті оған берді. Сонымен қатар, Толғанай Қасымхан нокдаунға түсіп, жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Нұрасыл Төлебек (54 келі) осы чемпионаттың финалында алтын үшін таласады.

Серіктес жаңалықтары