Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды
Sputnik
1545

34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар, деп хабарлады turkystan.kz.

Азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген.

«Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Несиеге рәсімделген электрониканы әйел жәбірленушілерден жарты бағасына сатып алып отырған. Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде білген», – делінген Polisia.kz.

Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. 

Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары