БҚО-да 33 жұмысшы бірнеше ай бойы еңбекақы алмаған

4 млн теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды

БҚО-да 33 жұмысшы бірнеше ай бойы еңбекақы алмаған
ашық дереккөз
788

Батыс Қазақстан облысында жұмысшылар бірнеше ай бойы жалақы алмаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаратөбе ауданының прокуратурасы «Қаратөбе ауданының коммуналдық кәсіпорны» ШЖҚ-дағы МКК қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау нәтижесінде аталған кәсіпорынның 33 жұмысшысы бірнеше ай еңбекақы алмағанын анықтады.

«Оған мемлекеттен алатын субсидияның есебін уақтылы тапсырмау себеп болған. Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды», – делінген хабарламада.

Прокурорлар оған қоса кәсіпорын директорын әкімшілік жауаптылыққа тартуға қол жеткізді.

Прокуратураның ұсынысымен және үйлестіруімен кәсіпорынның кірісін өсіру мақсатында оның жарғысына өзгерістер енгізіліп, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейтілді.

Серіктес жаңалықтары