«Жеке кәсібі болды»: Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты

Актер әкесінің екінші жарынан бес баласы барын да айтты.

«Жеке кәсібі болды»: Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты
Stan.kz
943

Танымал актер Тәуекел Мүсілім әкесі мен анасының бала күнінде ажырасып кеткенін және әкесімен 3 ай ғана жақын араласқанын айтты. Бұл туралы ол Айдос Ербосынға берген сұхбатында баяндады.

«Әкем жайлы көзін көрген кісілер «Батыр болған» деп мақтап жатады. Мен ол кісімен көп араласа алмадым. Бала кезде ата-анамыз ажырасып кетті. Мен анамның қолында қалдым. Әкем Шымкентте қалды. Мен Алматыдамын. Үш ай ғана жақсы араластық. Мен 9-10-сыныпты аяқтап жаттым. Сол кезде үш ай демалыста барып, әкеме көмектестім. Ол кісінің жеке кәсібі болды. Көлік жуатын орталығы, мейрамханасы бар еді. Сол жерде әкімші болып жүрдім. Мен үшін өте жақсы кезең болды. Спортқа жақын кісі болды. Өзі айтпаса да, жасаған жақсылығын өзге кісілер айтады», - деді Тәуекел Мүсілім.

Сонымен қатар актер әкесінің екінші жарынан бес баласы барын да айтты.

 

Серіктес жаңалықтары