762
ШҚО-да өртенген үйден бір адамның мәйіті табылды
Өлім себебін сараптама анықтайтын болады.
Шығыс Қазақстан облысында жер үйдегі өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында болған.
«Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің шатыры, жиһазы мен жеке заттар жанып жатқан. Үйден ер адамның мәйіті табылды. Жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын анықтады», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, марқұм 1954 жылы туған. Өлім себебін сараптама анықтайтын болады.