797
Атырауда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Олар деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған. Полицейлер 1991 ж.т., 1996 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады. Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 миллионға жуық қаражатын иемденбек болған.
«Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталып жатыр. ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.