БҚО-да тұрғынды тонап кеткен күдікті аяқ киімнің ізі арқылы табылды

Полиция қызметкерлері із бойынша 4 шақырым жүріп барған.

БҚО-да тұрғынды тонап кеткен күдікті аяқ киімнің ізі арқылы табылды
polisia.kz
1151

БҚО полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктіні аяқ киімнің ізі арқылы қолға түсірді, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 желтоқсан күні сағат 06:45 кезінде Шаған полиция бөлімінің кезекшісіне азиат нәсілді белгісіз біреу Х.Доспанова көшесінде 47 жастағы әйелдің сөмкесін жұлып алып, оқиға орнынан ғайып болған.

«Сөмкенің ішінде телефон, банк карточкасы мен 6 мың теңге ақшасы болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, «ізін суытпай» күдіктінің ізіне түседі. Аталған іске барған 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдіктінің артынан аяқ киімінің іздері бойынша түседі. Табанындағы іздер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жетелеп алып барады», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері із бойынша 4 шақырым жүріп барған.

Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары