Арасында Данияр Елеусінов, Махмұд Сабырхан бар: Халықаралық бокс федерациясы Астанада бокс кешін өткізбек

Ол кеште рингке Данияр Елеусінов та шығады.

Арасында Данияр Елеусінов, Махмұд Сабырхан бар: Халықаралық бокс федерациясы Астанада бокс кешін өткізбек
inbusiness.kz
783

Халықаралық бокс федерациясы Астанада бокс кешін өткізеді, деп хабарлайды turkystan.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған кеште 8 бірдей жекпе-жек болады және оның аясында ұлттық құраманың үздіктері өнер көрсетеді.

Мәселен, 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келіде тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмқатарда Ертуған Зейнуллинов, Дулат Бекбауов және ұлттық команда капитаны Асланбек Шымбергеновтар бағын сынайды.

Ауыр салмқтарда Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай жұдырықтасады. Қарсыластары да мықты. Құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген боксшылар таңдалған. Жоғарыдағы тізімге кәсіпқой бокстағы Данияр Елеусінов та қосылған. Бірақ, әзірге оның қарсыласы белгісіз. Жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа созылады.

 

Серіктес жаңалықтары