Астанадан шығатын барлық жолда көлік қозғалысы шектелді

Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.

Астанадан шығатын барлық жолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: egemen.kz
641

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті елордадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді. Түнгі уақытта ауа температурасы -31-35 градусқа дейін суытады.

«Осыған байланысты кешкі сағат 18.00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда  жүруіне тыйым салынады», – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  

Серіктес жаңалықтары