884
Шымкент әкімі қаладағы ең төменгі жалақы қанша екенін айтты
Ғабит Сыздықбеков журналистердің сұрағына жауап берді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айлығы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде журналистер Ғабит Әбдімәжитұлына «Шымкент қаласы әкімінің айлығы қаладағы ең төменгі жалақы алатындардан қанша есеге көп? Себебі сіздің өңірде жалақы көлемі басқа аймақтармен салыстырғанда төмен» деп сұрақ қойды.
«Айлығымның қанша есе көп екенін айта алмаймын. Шатаспас үшін санап айту керек шығар. Бірақ мен де қызметімді ең төменгі жалақыдан бастағанмын. Ол кезде 18 мың теңге алғанмын. Бізде орташа жалақы – 270 355 теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы – 70 мың теңге», - деп жауап берді қала әкімі.