Талғарда оқушыны итеріп жіберген мұғалім жұмыстан кетті

Алматы облысындағы жекеменшік мектепте болған жағдай әлеуеметтік желіде тарап, ондағы педагогтың әрекеті жұрттың ашуын туғызған.

Талғарда оқушыны итеріп жіберген мұғалім жұмыстан кетті
Фото: видеодан кадр
958

Оқушыны итеріп жіберген талғарлық мұғалім жұмысынан қуылды. Оған қоса қылмыстық іс те қозғалған, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы жекеменшік мектепте болған жағдай әлеуеметтік желіде тарап, ондағы педагогтың әрекеті жұрттың ашуын туғызған. Тапсырманы дұрыс орындамаған бастауыш сынып оқушысына мұғалім дүрсе қоя беріп, кеудесінен итеріп құлатады.

Мұғалім итергенімен қоймай, жерге жығылған оқушыға «орныңнан тұр» деп жекиді. Шарасыз бала ләм деуге шамасы келмей, орнына барып отырады. Бұл жағдай қазан айында Талғардағы жекеменшік мектебінде болған.

2-сынып оқушысының ата-анасы құзырлы органға арызданыпты. Оқу -ағарту министрлігі өзін дөрекі ұстаған мұғалімнің жұмыстан кеткенін жеткізді. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел тергеу тобын жіберді. ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді. Алматы облысы ПД бастығының жеке нұсқауымен оқиғаның мән-жайын зерделеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық іс-шара жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

 

Серіктес жаңалықтары