1034
Аяз, жел: 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.