Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

Іс-шара аясында www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі.

Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді
pixabay.com
739

Астанада 14 желтоқсан күні қаланың барлық кәсiпкерлiк субъектiлері үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ порталға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлердің қарамағындағы қызметкерлердің деректерін енгізуге болады.

«Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ашық есік күні 14 желтоқсанында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 326-кабинет мекенжайында өтеді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді (23-бабы 2–тармағының 27) тармақшасы) – жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.

 

Серіктес жаңалықтары