1076
Елордада «Қажымұқан жолы» жарысы өтеді
Қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күресетін болады.
Астанада «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күштік тәртіпте күресетін болады.
«Қажымұқан жолы» ұлттық спорттық жобасының авторы және бастамашысы – атақты балуан және Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников.
Турнир 10 желтоқсан күні сағат 17:00-де «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.