1349
Иракта университет ғимараты өртеніп, 14 адам қаза болды
Өрттен 18 адам зардап шекті
Ирак Күрдістаны жартылай автономды өңіріндегі Эрбиль провинциясына қарасты Соран қаласында ғимараттан өрт шығып, 14 адам қаза тапты, 18 адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Соран қаласы Денсаулық сақтау департаментінің мәлімдемесінде, өрттің университет студенттері мен мұғалімдері тұрып жатқан үшінші және төртінші қабаттан шыққаны, одан әрі бесқабатты ғимаратты түгел алып кеткені айтылған.
Алдын ала тергеу жұмыстары өрттің қысқа тұйықталу салдарынан шыққанын көрсеткен. Өрт азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің көмегімен сөндірілген.