Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

Олар бейімдеу орталығының терезесін сындырып қашып кеткен

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр
polisia.kz
2112

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 желтоқсанда полицияға «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлаған. Олар:

2006 жылы 5 маусымда туған Мырзакенова Манар Абайқызы, бойы –160 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара.

2006 жылы 14 наурызда туған Тезекбаева Амина Иманқұлқызы, бойы – 165 см, дене бітімі – арық, шашы – қоңыр. Сол жақ иығында меңі бар.

2006 жылы 1 қазанда туған Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы. Сұр түсті спорттық киім киген.

Жасөспірімдерді іздестіруге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.

Кәмелет жасқа толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан «102» немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары