3961
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады
Палестинаға гуманитарлық жүк тиеген ұшақ Алматыдан ұшып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұшақ экипажы алдымен Ақтауға, одан әрі Мысырға көмекті қажетті жерге жеткізу үшін ұшады. Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Палестина халқын қолдау аясында жіберілді.
Жүк ұшағымен мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік пен төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүктер, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектері мен медициналық бұйымдар жөнелтілді. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады. Гуманитарлық жүктерді тиеуді Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімінің күштері жүргізеді. Жүк Қызыл жарты ай қоғамының өкілдеріне тапсырылады.