Жылусыз қалған Ақтау тұрғындарынан әкім кешірім сұрады (ВИДЕО)

Магистралдық құбырдағы ақауды жоюмен мамандар айналысып жатыр

Жылусыз қалған Ақтау тұрғындарынан әкім кешірім сұрады (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр
969

Ақтауда магистральды құбырдың жарылуынан бірнеше шағынаудан жылудан ажыратылды, деп хабарлады turkystan.kz Кazinform-ға сілтеме жасап. 

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиевтің айтуынша, магистралдық құбырдағы ақауды жоюмен мамандар айналысып жатыр.

«Бірнеше шағынауданда жылу беруге уақытша шектеулер енгізілді, сабырлық танытып, күтуді сұраймын... Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық 800 мм-лік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда», - деді қала басшысы.

Ұ.Тналиев апат орнынан видео жариялап, келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.

 

Серіктес жаңалықтары