Балқаш қаласында да 30-ға жуық үй жылусыз отыр

Апатқа жылу желілерінің 75% тозуы себеп болған

Балқаш қаласында да 30-ға жуық үй жылусыз отыр
ekaraganda.kz
764

Балқашта кеше жылу магистральдарында екі апат болды. Салдарынан 28 үй жылусыз қалды. Қазір қала билігі мен коммуналдық қызметтер ақауды жойып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Бірінші апат кеше түстен кейін Мұхамеджанов көшесіндегі №32 үйдің жанында болған. 426 мм диаметрлі магистральдың бұрылысында ыстық су ағып кетіп, кері құбырдағы қысым төмендеген. Салдарынан Мұхамеджанов шағын ауданы жылусыз қалды.

Екінші апат туралы Балқаш қаласының әкімдігі түнде хабарлады.

«9 желтоқсанда сағат 22:55-те Абай және Әбуғалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 630 мм құбырдың жарылуынан мына мекенжайлар бойынша жылу параметрлері төмендеді:

Желтоқсан 11, 12, 13, 14, 15;

Әлем 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12;

Сейфуллин 28, 34, 36, 36 а, 32, 30, 32 а, 35, 31, 41, 45;

Абай 56, 44, 46, 48, 50, 52, 47, 49, 53, 51, 55;

Макаренко 1, 3;

Молдағұлова 1, 2, 3, 4.

Апатқа қаланың жылу желілерінің 75% тозуы себеп болған. Далада ауа температурасы – -15°С. Анықталған фактілерді жою мақсатында барлық КМК, ПИК, ТЖ, қала әкімдігінің қатысуымен жедел штаб құрылды, - деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын «Балқаш жылу» ЖШС жүргізіп жатыр. Апат орнына 10 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылған.

Судың ағып кетуіне клапан тығыздағышының су жіберуі себеп болды. Қазір құбыр ауыстырылды, ағу тоқтатылды, схема жиналып жатыр, кейін жылу беру іске қосылады, - деп толықтырды Балқаш әкімдігінен.

Қазір апат орнында қала басшысы Сапар Сатаев жүр. Қала басшылығы қалған 10 үйге бірнеше сағат ішінде жылу жіберілетінін уәде етті.

Серіктес жаңалықтары