Тегеран түрмесінде отырған Наргес Мохаммадидің Нобель сыйлығы балаларына табысталды

Отбасының айтуынша, ол сыйлық табысталған күні түрмеде аштық жариялаған.

Тегеран түрмесінде отырған Наргес Мохаммадидің Нобель сыйлығы балаларына табысталды
Сурет: Fredrik Varfjell / NTB via AP
1247

Наргес Мохаммадиге берілген Нобель сыйлығы оның балаларына табысталды. Себебі құқық қорғаушының өзі Иранда қамауда отыр. Бұл туралы timesofisrael.com жазды. 

Ирандық құқық қорғаушы Наргес Мохаммадиге "әйел құқығы жолындағы күресі үшін", сондай-ақ "адам құқығы мен бостандығын насихаттауға үлес қосқаны үшін" берілген 2023 жылғы Нобель сыйлығы оның балалары Али мен Киана Рахманиге табысталды. 

Белсенді және журналист қазір Тегеран түрмесінде отыр. Отбасының айтуынша, ол сыйлық табысталған күні түрмеде аштық жариялаған.

 

Серіктес жаңалықтары